$ 458.87 € 535.09 ₽ 5.42

Қарин мен Мусин жоқ: «Әділет» тізіміне кімдер енбеді, кімдер Құрылтай депутаты болды

Абдрахманов Мағжан
27 тамыз 2026, 14:40
Қарин мен Мусин жоқ: «Әділет» тізіміне кімдер енбеді, кімдер Құрылтай депутаты болды Сурет авторы: Әділет партиясы

Құрылтай сайлауында 110 мандат иеленген «Әділет» партиясынан депутат атанғандардың арасында бұрынғы шенеуніктер, Мәжіліс депутаттары, журналистер, спортшы және қоғам өкілдері бар.

Тізімге партия төрағасы, Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені Дана Медеуова, Қуандық Бишімбаевтың сотынан кейін қоғамға кеңінен танылған прокурор Айжан Аймағанова енді.

Бұған дейін Мәжілісте депутат болған Асхат Аймағамбетов, Айдос Сарым, Ерлан Сайыров, Жанарбек Әшімжанов, Үнзила Шапақ және Динара Зәкиева да Құрылтайдағы жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ тізімнен журналистер Ирина Тен мен Армангүл Тоқтамұратты, күрестен Олимпиада жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевты, саясаттанушы Марат Шибұтовты, «Әділ сөз» ұйымын басқарған Қарлығаш Жаманқұлованы көруге болады.

Ал «Әділеттің» 110 депутатының қатарына Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин, партияның саяси бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы және «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин енбеген.

23 тамыздағы сайлауда «Әділет» 71,17 пайыз дауыс жинап, Құрылтайдағы 145 орынның 110-ын иеленді.

Соңғы жаңалықтар