$ 468.88 € 534.1 ₽ 6.04

Қарбызды қашан жеген қауіпсіз: Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді

Абдрахманов Мағжан
14 шілде 2026, 12:45
Қарбызды қашан жеген қауіпсіз: Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді Сурет авторы: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстанда қарбызды шілденің соңынан қыркүйекке дейін сатып алып, жеген қауіпсіздеу. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтты.

Оның сөзінше, бақша дақылдарының ерте, орта және кеш пісетін түрлері бар. Сонымен қатар қарбыз бен қауын шетелдерден жыл бойы әкелінеді.

«Өнімнің табиғи жолмен пісетін қауіпсіздеу кезеңі – шілденің соңынан қыркүйекке дейін. Бұл уақытта қарбыз түрлі тыңайтқыштар мен өсуді жеделдететін қоспаларды қолданбай-ақ піседі. Әсіресе балаларға қазір қарбыз беруге асықпаған жөн. Бұл – менің маман ретіндегі пікірім», – деді Азат Сұлтанов.

Вице-министрдің айтуынша, шетелден әкелінетін жеміс-жидек пен көкөніс зиянкестер мен өсімдік ауруларының бар-жоғын анықтау үшін өсімдік карантині бақылауынан өтеді.

Ал өнім құрамындағы химиялық заттардың мөлшері мен олардың шамадан тыс қолданылуын тексеру санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің құзыретіне кіреді.

Соңғы жаңалықтар