$ 502.57 € 591.68 ₽ 6.42

Қарағандылық стартап АҚШ-қа жол тартты: Миллиондық жобаның құпиясы

Редакция
26 желтоқсан 2025, 12:35
Қарағандылық стартап АҚШ-қа жол тартты: Миллиондық жобаның құпиясы Сурет авторы: mokretsov

Қарағандыда ОАЭ мен АҚШ нарығына шығуды жоспарлап отырған ЖИ-стартап құрылды.Жоба Қазақстанда 205 млн теңге инвестиция тартып үлгерді

4SELL.ai жобасы бизнес иелеріне кассирлердің сатып алушылармен жұмыс істеу процесін бақылауды жеңілдетуге көмектесуі тиіс. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі хабарлады.

Платформа кассалық бағдарламалық жасақтамаға қосылып, қызметкерлердің тұтынушылармен қалай сөйлесетінін нақты уақыт режимінде талдайды: олар акцияларды ұсына ма, скрипттерді сақтай ма және қосымша сауда жасай ма деген сұрақтарды тексереді. Егер кассир қосымша тауарды сәтті сатса, жүйе оған бірден сатылым сомасының 10%-ы көлемінде бонус есептейді.

Команданың мәліметінше, пилоттық енгізулер орташа чектің өскенін және қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасының артқанын көрсеткен.

2026 жылы 4SELL.ai БАӘ (ОАЭ) нарығына шығуды және АҚШ-қа экспансия жасауды, сонымен қатар өнімнің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар