$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қарағандыдағы полиция бекетінен әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылды

Абдрахманов Мағжан
01 қазан 2025, 10:48
Қарағандыдағы полиция бекетінен әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылды Сурет авторы: polisia.kz

Қарағандыда полицияның тірек пунктінен жас қыздың мәйіті табылды. Сондай-ақ сол жерде болған учаскелік полицей ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді. Бұл деректі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

– Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен қыздың өлімінің себебі анықталып жатыр. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды. Барлық іс-әрекеттер жан-жақты тексеріліп, кінәлілер қатаң жауапқа тартылады, – деп хабарлады полиция.

Тәртіп сақшылары қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар