$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдіктінің соты тікелей эфирде көрсетіледі

Редакция
17 маусым 2024 02:50 1411
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдіктінің соты тікелей эфирде көрсетіледі Сурет авторы: Видеодан кадр

Жоғарғы сот республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастырып жатыр.

Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісіне қатысты күш қолдану арқылы бұзақылық жасағаны үшін айыпталған қылмыстық іс бойынша сот отырысының жалғасы Қарағанды қаласында 2024 жылдың 17 маусымда сағат 11:00-де өтеді.

Сот процесінің онлайн-трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында келесі сілтеме арқылы көруге болады: https://youtube.com/live/FTqrgISL620?feature=share

Оқиға 27 ақпанда Қарағанды қаласында болған. Қызылшамен ауырған бір жасар балаға келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін белгісіз ер адам соққыға жыққан. Осыдан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалаған. Оған мемлекетаралық іздеу жарияланып, 1 ақпан күні ұсталған.

Соңғы жаңалықтар