$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Қарағандыда өртке оранған балабақшадан 82 бала эвакуацияланды

Редакция
16 қаңтар 2025 05:54 1969
Қарағандыда өртке оранған балабақшадан 82 бала эвакуацияланды Сурет авторы: ТЖМ

Қарағандыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жертөледе заттар мен электрқалқан автоматтары жанып кетті. Өрт аумағы 1 шаршы метрді құрады.

Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт тез сөндірілді. Құтқарушылар өрт шыққан ғимараттан 88 адамды, оның ішінде 82 баланы эвакуациялады.

Балаларды жылыту үшін оқиға орнына вахтовкалар жіберілді. Сонымен қатар балабақша қызметкерлері мен балалармен ТЖД психологтары жұмыс істеді. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады.

Өрттің себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар