$ 474.04 € 555.01 ₽ 6.45

Қарағандыда қатерлі ісікке қарсы дәрілер шығаратын фармацевтикалық зауыт ашылмақ

Абдрахманов Мағжан
15 мамыр 2026, 10:06
Қарағандыда қатерлі ісікке қарсы дәрілер шығаратын фармацевтикалық зауыт ашылмақ Сурет авторы: gov.kz

Қарағандыда фармацевтикалық кешеннің өндірістік қуатын кеңейту және жаңғырту жобасы аясында жаңа зауыт салынады. Жобаны Қазақстан Үкіметі мақұлдады.

Келісімге Денсаулық сақтау министрлігі мен компания басшылығы қол қойған. Қаулыны Премьер-министр Олжас Бектенов бекітті.

Жобаға 42,5 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тарту жоспарланған. Зауытта 74 түрлі дәрілік препарат, оның ішінде онкологиялық және аутоиммунды ауруларды емдеуге арналған дәрілер өндіріледі. Кәсіпорында шамамен 70 жұмыс орны ашылады.

Жалпы, Қазақстанда фармацевтика саласы өсім көрсетіп отыр. Өткен жылы саладағы өндіріс көлемі 191,1 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға артқан. Инвестиция көлемі де 91,3 млн доллардан 142,8 млн долларға дейін ұлғайған.

2025 жылдың желтоқсанынан бері салада 360 млрд теңгеге жеті инвестициялық келісім жасалған. Бұл жобалар аясында 474 түрлі дәрі өндіру және 1 170 жұмыс орнын құру көзделген.

Соңғы жаңалықтар