$ 470.17 € 547.47 ₽ 6.42

Қарағанды облысында үш жасар баланың басына кірпіш құлады

Абдрахманов Мағжан
13 сәуір 2026, 17:38
Қарағанды облысында үш жасар баланың басына кірпіш құлады Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара кентінде мәдениет үйінің шатырынан кірпіш құлап, үш жастағы баланың басына түскен, деп хабарлады ekaraganda.kz. Оқиға салдарынан бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Ата-анасының айтуынша, олар ғимараттың жағдайын тексеріп, жауаптыларды анықтауды сұраған. Қазіргі уақытта балаға шұғыл ота жасалып жатыр.

Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Іс қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету немесе жұмыс орындау бабымен тергеліп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда.

Дәрігерлердің айтуынша, бала олардың тұрақты бақылауында.

Соңғы жаңалықтар