$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Қарағанды облысында екі пәтерлі үй өртеніп, екі бала қаза тапты

Редакция
09 қаңтар 2025 07:17 4427
Қарағанды облысында екі пәтерлі үй өртеніп, екі бала қаза тапты Сурет авторы: жасанды интеллект/ ИА «Версия-Саратов»

Қарағанды облысы Пришахтинская көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үйде түнде өрт шықты. Өрт салдарынан үйдің шатыры, төбе жабындылары мен тұрмыстық заттары жанып кеткен. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылдары туған екі бала өздігінен үйден шығып үлгерген. Олар көмірқышқыл газынан уланып, Балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар ауруханаға 1964 жылы туған әйел де жеткізілген. Алайда құтқарушылар үйден 2020 және 2022 жылы туған екі баланың денесін тапты.

ТЖМ қызметкерлері 50 шаршы метр аумақты шарпыған өртті толықтай сөндірді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі – электр сымдарының тұйықталуы. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар