$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қарағанды облысында екі баланың мәйіті табылды

Редакция
05 сәуір 2024 08:07 3000
Қарағанды облысында екі баланың мәйіті табылды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында зорлық-зомбылық белгісі бар 2 және 4 жастағы баланың мәйіті табылды. Олардың өліміне туған анасы күдіктеліп отыр. Қылмыс Бұқар жырау ауданына қарасты шағын ауылдардың бірінде болған, деп хабарлайды Qrnews.kz.

Ауыл тұрғындары анасы балаларын тұншықтырып өлтіргенін айтады. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде зорлық-зомбылық белгісі бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство тергеу мүддесіне сай өзге ақпаратты жариялауға болмайтынын айтты.

Соңғы жаңалықтар