$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қарағанды облысында ауыл әкімі қыз зорлады деген айыппен қамауға алынды

Редакция
11 мамыр 2025 11:58 1268
Қарағанды облысында ауыл әкімі қыз зорлады деген айыппен қамауға алынды Сурет авторы: Elements.envato.com

Қарағанды облысы Шет ауданындағы Ақшатау округінің әкімі зорлау фактісі бойынша тергеуге алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

23 жастағы тұрғынның арызы негізінде қылмыстық іс қозғалған. Сол күні күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін сот шешімімен үйқамаққа алынған. Алайда облыстық прокуратураның жеке шағымынан кейін апелляциялық алқа күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қамауға алуға өзгерткен.

«Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», – делінген полиция хабарламасында.

Бұл оқиға туралы алғаш болып Ішкі істер органдарының зейнеткер қызметкерлері болып табылатын жәбірленушінің ата-анасы жария еткен. Олардың айтуынша, күдікті – олардың бұрыннан келе жатқан танысы, ауылдық округтің әкімі.

Соңғы жаңалықтар