$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қарағанды-Балқаш автожолында төрт жолақты учаске ашылды

Редакция
28 қазан 2024 03:40 1595
Қарағанды-Балқаш автожолында төрт жолақты учаске ашылды Сурет авторы: ҚазАвтоЖол

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Қарағанды-Балқаш бағытындағы республикалық маңызы бар Астана-Алматы автомобиль жолының учаскесінде қозғалыстың ашылғанын хабарлады.

Ақсу ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі жаңадан ашылған төрт жолақты І техникалық санаттағы учаскенің ұзындығы 31 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда осы автожолдың 172 шақырымында қозғалыс ашық.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тосқауылдар мен уақытша жол белгілері, жылдамдық режимі және жол жұмыстары жүріп жатқаны туралы белгілер орнатылды.

Соңғы жаңалықтар