$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

“Қара құстан ұрып, тепкен” Ақтөбеде әлімжеттік салдарынан қаза болған 9 сынып оқушысының өлімі туралы деректер пайда болды

Редакция
05 қыркүйек 2024 11:46 2032
“Қара құстан ұрып, тепкен” Ақтөбеде әлімжеттік салдарынан қаза болған 9 сынып оқушысының өлімі туралы деректер пайда болды Сурет авторы: Фото: Ашық дереккөз

2 қыркүйек күні Ақтөбе облысының Қопа ауылында үлкен сыныптар 9 сынып оқитын баланы өлтіріп кеткен болатын. Артынша полиция күдікті теп танылған екі оқушыны ұстағандарын мәлімдеді. Кейіннен Бас прокурор Берік Асылов бұл істі жеке өзінің бақылауында болатынын хабарлады. 

Қайтыс болған оқушының әпкесі оқиға куәгерінің жағдайдың қалай болғаны туралы жазған хабарламасымен бөлісті. Куәгердің айтуынша олардың бірі 9 сынып оқушысының жүрек тұсынан қатты соққы жасаған және ол 30 секундтай талып қалған. Алайда жеткіншектер бұған қарамастан есін жиған кезде де оны қара құсынан ұрып, тепкілеген. 

Қаза болған оқушының туыстары қылмыстық құрам толық тұтқындалмағанын, олардың арасында құзырлы органдарда жұмыс істейтін туыстары бар жеткіншектер де бар екенін. Олар жазадан оңай құтылып кете ме, деп қорқатындарын мәлімдеген болатын. Алайда Бас прокурор бұл жеке бақылауында болатынын мәлімдеді. Оған қоса, қайтыс болған оқушының мектеп директоры қызметінен кетті.  

 

Соңғы жаңалықтар