$ 537.34 € 623.05 ₽ 6.65

Қанша мемлекет Украинаға әскерін кіргізуге дайын?

Дулат Абдраманов
20 тамыз 2025 11:08 527
Ресей мен Украина бейбіт келісімге келген кезде бейбіт әскер кіргізуге қанша ел дайын екені белігілі болды.
Қанша мемлекет Украинаға әскерін кіргізуге дайын? Сурет авторы: Win McNamee/Getty Images/Getty Images North America

19 тамызда өткен онлайн-кездесуде Еуропаның бірқатар жетекші мемлекеттері Киев пен Мәскеу арасындағы болашақ бейбіт келісім аясында Украинаға әскери күш орналастыру жоспарын талқылады. Bloomberg дерегінше, Ұлыбритания мен Францияны қосқанда шамамен 10 ел өз әскерін жіберуге дайын екенін білдірген.

Алғашқы кезеңде көпұлтты топ украин әскерін оқыту және жеке құрамды толықтырумен айналыспақ. Жүздеген британ және француз сарбаздары майдан шебінен алыс аумақтарға орналастырылады.

АҚШ тарапынан қару-жарақ жеткізу, барлау деректерімен бөлісу және әуе қорғаныс құралдарын беру көзделген. Дегенмен, Ақ үй президент Дональд Трамптың америкалық әскерді Украинаға жіберу мүмкіндігін толық жоққа шығарғанын хабарлады. Ол тек авиациялық қолдау көрсету ықтималдығын ашық қалдырды.

Соңғы жаңалықтар