$ 469.52 € 553.75 ₽ 6.15

ҚАННЫҢ ӘР ТАМШЫСЫ ӨМІРДІ ҰЗАРТАДЫ: ТРОМБОЦИТ ДОНОРЛАРЫ ТАПШЫ

Редакция
29 тамыз 2025, 14:21
ҚАННЫҢ ӘР ТАМШЫСЫ ӨМІРДІ ҰЗАРТАДЫ: ТРОМБОЦИТ ДОНОРЛАРЫ ТАПШЫ Сурет авторы: depositphotos

Қазақстанда соңғы он жылда донорлық тромбоцитке деген қажеттілік екі есеге өсті. Бұл туралы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, 2014 жылы елімізде 29 мың доза тромбоцит қажет болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 61,5 мың дозаға жеткен.

Тромбоциттер – онкологиялық ауруларды емдеуде, күрделі операцияларды жүргізуде және ауыр қан кетулері бар науқастарға көмек көрсетуде аса маңызды компоненттердің бірі.

Қазіргі таңда Қазақстанда жыл сайын шамамен 400 мың қан құю жасалады, 300 мың литрге дейін донорлық қан өңделеді. Ал донация көлемі жылына 250 мыңға жуық (күніне шамамен 1000). Тек Астана қаласының өзінде қан орталығына тәулігіне 150–200 донор қажет, олардың 30–50-і тромбоцит тапсыруы тиіс.

Толығырақ төмендегі сілтемеге өтіп көріңіз:

Соңғы жаңалықтар