$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қаңтар оқиғасында "президент резиденциясына шабуылдады" деп істі болғандар сотталды

Редакция
11 маусым 2024 10:04 4354
Қаңтар оқиғасында "президент резиденциясына шабуылдады" деп істі болғандар сотталды Сурет авторы: Владимир Жабриков © URA.RU

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы президент резиденциясына және мегаполис әкімдігіне шабуылдау ісі бойынша үкім шығарды.

Сотта 11 адамға үкім шықты. Олардың арасында қамауға алынғаннан кейін алғашқылардың бірі болып азаптау туралы хабарлаған Қосай Маханбаев пен Нұртас Қаранеев бар. Прокурор барлығын 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Судья айыпталушылардың бәрін кінәлі деп таныды. 

Сотталушылар кінәсін жартылай мойындады.

Сот он адамды бір жыл тоғыз айға, біреуін төрт жылға бас бостандығынан айырды. Барлығына рақымшылық заңы қолданылды.

Соңғы жаңалықтар