$ 469.93 € 541.64 ₽ 5.71

Канье Уэстің концерті өтетін күні Алматыда қай көшелер жабылады?

Абдрахманов Мағжан
10 тамыз 2026, 12:46
Канье Уэстің концерті өтетін күні Алматыда қай көшелер жабылады? Сурет авторы: Scott Dudelson / Getty Images Entertainment

14 тамызда Канье Уэстің концертіне байланысты Алматы орталығындағы үш көше бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Шектеу сағат 16:00-ден түнгі 00:00-ге дейін күшінде болады.

Көлік қозғалысы:

  • Абай даңғылының Мұхтар Әуезов атындағы театрдан Сейфуллин көшесіне дейінгі;
  • Сәтбаев көшесінің Байзақовтан Сейфуллин көшесіне дейінгі;
  • Байтұрсынұлы көшесінің Тимирязевтен Шевченко көшесіне дейінгі бөлігінде тоқтатылады.

Канье Уэстің концерті Орталық стадионда сағат 21:00-де басталады. Көрермендерге кәсіби бейнетүсірілімге арналған камера, дрон, тұрақтандырғыш, микрофон және өзге де жабдықтарды стадионға алып кіруге тыйым салынады.

Концерт аяқталған соң көрермендерді тасымалдау үшін алты бағыт бойынша тегін автобустар қатынайды. Олар «Алматы Арена», Райымбек батыр даңғылы мен «Алатау» метро бекеті, Алматы-1 теміржол вокзалы, Орбита, Жұлдыз шағынауданы және Алматы халықаралық әуежайы бағыттарына жүреді.

Бұл күні метроның жұмыс уақыты да ұзартылады. «Байқоңыр» бекеті сағат 21:00-де жолаушылар үшін жабылады. Оның орнына «Абай» және «Мұхтар Әуезов атындағы театр» бекеттерін пайдалануға болады.

Метро кемінде түнгі 01:00-ге дейін жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда оның жұмысы сағат 03:00-ге дейін ұзартылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар