$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қандай жағдайда сізді пойыздан түсіріп жіберуі мүмкін?

Редакция
30 қыркүйек 2024 02:37 3205
Қандай жағдайда сізді пойыздан түсіріп жіберуі мүмкін? Сурет авторы: ашық дереккөзден

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жыл басынан бері тәртіп бұзған 117 адамды пойыздан түсіріп тастаған. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство қандай жағдайда жолаушы пойыздан түсірілетінін айтып берді:

1. алкоголь немесе есірткі әсерінен мас болып, өз іс-әрекеттерімен қауіп төндірсе не басқа жолаушыларға қолайсыздық келтірсе;

2. вагонның ішінде темекі шексе;

3. жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетуден бас тартса не пойыз билеті болмаса; 

4. басқа жолаушыларға немесе пойыз қызметкерлеріне қатысты агрессивті әрекет жасаса; 

5. өзімен бірге айналасындағыларға қауіп төндіретін тыйым салынған зат немесе жүк алып жүрсе. 

Ұлттық тасымалдаушының 478 вагонында 3 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Бейнебақылау жүйесі вагон-мейрамханаларда, вагон-барларда, теміржол станциялары мен вокзалдарда жұмыс істейді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына дейін жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша 1 552 вагонға камералар орнатылады. 

Соңғы жаңалықтар