$ 537.34 € 623.05 ₽ 6.65

Қандай аурулармен ауырған жағдайда түрмеден босатылуға болады?

Абдрахманов Мағжан
20 тамыз 2025 16:04 503
Қандай аурулармен ауырған жағдайда түрмеден босатылуға болады? Сурет авторы: dknews.kz

Қазақстанда сотталғандарды жазадан босатуға негіз болатын аурулар тізімі кеңеюі мүмкін. Тиісті құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, құжат сотталғандар арасындағы өлім-жітімді азайту және ауыр науқастардың денсаулығын сақтау мақсатында әзірленген.

Жазадан босатуға негіз болатын аурулардың қатарына мына дерт түрлері қосылмақ:

  • бауыр циррозы;

  • созылмалы бүйрек ауруы;

  • ауыр дәрежедегі созылмалы өкпе ауруы;

  • гормонға тәуелді аурулар.

Министрлік құжат жобасы 2025 жылғы 5 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар