$ 544.26 € 634.72 ₽ 6.52

Қанат Шарлапаев Президент көмекшісі қызметінен босатылды

Абдрахманов Мағжан
25 қыркүйек 2025 17:31 44
Қанат Шарлапаев Президент көмекшісі қызметінен босатылды Сурет авторы: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Индустрия және құрылыс министрі болып қызмет атқарды. 2025 жылдың ақпанында ол бұл қызметтен босатылып, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған еді.

Бұдан бөлек, 2025 жылдың сәуірінде Шарлапаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесіне қайта оралып, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Соңғы жаңалықтар