$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Камбоджа- Таиланд қақтығысы тоқтады: бейбіт келісім жасалды

Редакция
29 шілде 2025 11:11 208
Камбоджа- Таиланд қақтығысы тоқтады: бейбіт келісім жасалды Сурет авторы: Oxu.Az

Бірнеше күнге созылған қақтығыстардан кейін Камбоджа мен Таиланд билігі әскери деңгейде келісімге келіп, шекарадағы қарулы әрекеттерді тоқтатты.

Қарулы шиеленіс салдарынан 38 адам қаза тапты, 300 мыңнан астам бейбіт тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз аймақтарға көшуге мәжбүр болды.

Аймақтық ақпарат көздерінің мәліметінше, қақтығыс өткен аптада басталған. Екі ел арасындағы шекаралық даулы аймақта артиллериялық шабуылдар тіркелген. Бірнеше ауыл қирап, инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келген еді.
Келісім жасалғаннан кейін қос тарап шекаралық қауіпсіздікті нығайтуға келісім берді. Алайда сарапшылар бұл шиеленіс ұзақ мерзімді шешім таппайынша қайта өршіп кетуі мүмкін екенін ескертеді.

Халықаралық ұйымдар соның ішінде БҰҰ мен Қызыл Крест комитеті, зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізуге кірісті.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар