$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Қамаудағылар қашып кеткен: Изолятор күзетшілері ұйықтап қалғаны үшін 1 жылға сотталды

Редакция
05 маусым 2024 03:19 4057
Қамаудағылар қашып кеткен: Изолятор күзетшілері ұйықтап қалғаны үшін 1 жылға сотталды Сурет авторы: ТАСС

Ақтөбе қаласының №2 соты салғырттық танытты деп айыпталған үш полицейге үкім шығарды, деп хабарлайды Qrnews тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр 11 қарашада уақытша ұстау изоляторында кезекші болған үш полицей ұйықтап қалған. Қамауда отырған екі адам осы жағдайды пайдаланып, түрмеден қашып шыққан. Полиция мен Ұлттық ұлан қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекетінің арқасында олар 4 сағаттан кейін қолға түскен.

Екі айыпталушы кінәсін толық мойындап, біреуі мойындамаған. Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріліп, үшеуі де 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар