$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

"Қақаған аязда далаға қуып шыққан": Ақсуда қарттар үйінде азаптау фактісі анықталды

Редакция
13 ақпан 2025 02:17 2731
"Қақаған аязда далаға қуып шыққан": Ақсуда қарттар үйінде азаптау фактісі анықталды

Павлодар облысында тағы да қарттарға қатыгездік жасау оқиғасы тіркелді. Ақсу қаласының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында жергілікті пансионаттардың бірінде егде жастағы адамдардың адам төзгісіз жағдайда өмір сүргені белгілі болды.

Прокурорлар бейнежазбаларды сараптау кезінде жан түршігерлік көріністердің куәсі болған. Пансионат қызметкерлері екі қарт адамды ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып, қолдарын ауыртып бұрап, тіпті қақаған аязда сырт киімсіз далада қалдырған. Жәбірленушілердің бірі – 84 жастағы қария.

"Мұндай қатыгездікке барғандардың бәрі анықталды", – деп хабарлады Ақсу қаласының прокуратурасы. Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар