$ 466.08 € 538.56 ₽ 5.65

Jibek Joly арнасында жеті партия өкілдері теледебатқа шығады

Редакция
11 тамыз 2026, 15:30
Jibek Joly арнасында жеті партия өкілдері теледебатқа шығады Сурет авторы: DKNews.kz / AI-generated

12 тамызда сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі» тақырыбында алғашқы командалық теледебат өтеді. Тікелей эфирде Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері пікірталасқа түседі.

Теледебатқа «Әділет» партиясынан Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев, ЖСДП-дан Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова, «Байтақ» партиясынан Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев қатысады. Қазақстан Халық партиясының атынан Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова, «Ауыл» партиясынан Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков шығады. «Ақ жол» партиясын Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин, Respublica партиясын Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова таныстырады.

Пікірталас барысында қатысушылар сайлаушыларға өз партиясының неліктен қолдауға лайық екенін түсіндіруге тиіс. Сондай-ақ партиялардың сайлауалды бағдарламалары талданып, олардың әлсіз тұстары туралы қарсы тараптардың пікірі тыңдалады. Қатысушылар тікелей эфирде қойылған сұрақтарға жауап беріп, партиясы өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндеттенетін бір нақты уәдесін жариялайды.

Көрермендер тікелей эфир кезінде экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы дебатқа қатысушыларға сұрақ жолдай алады.

Теледебат аяқталғаннан кейін «Ашық студия» саяси ток-шоуы тікелей эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі тұстарын, қатысушылардың сөздерін және дебаттың сайлау науқанына ықпалын талқылайды.

Теледебатты 12 тамызда сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасынан және арнаның ресми YouTube парақшасынан тікелей эфирде көруге болады.

Соңғы жаңалықтар