$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Израиль-Палестина соғысы: Газа секторында 67 адам қаза тапты

Редакция
21 шілде 2025 11:02 211
Израиль-Палестина соғысы: Газа секторында 67 адам қаза тапты Сурет авторы: Mahmoud Issa

Жексенбі күні Израиль қаруынан қаза тапқан палестиндік саны 67 болды. Адамдар БҰҰ-ның азық-түлік тиелген жүк көлітерін күтіп, Газа секторының солтүстігінде жиналған. Бұл туралы британдық Sky News ақпараттандыру телеарнасы хабарлады.

Аурухана өкілдіренің айтуынша, Газа секторында күтіп отырғандардан 150 адам ауыр жарақат алып, 67 адам қаза тапқан.

Израиль әскері Газа секторының солтүстігінде жиналған палестиндіктер қауіп төндірді деп мәлімдеді.

Соңғы апталарда гуманитарлық көмек пункттері маңында жүздеген палестиндік қаза тапты. Бұған дейін Израиль босқындарға толып кеткен бұл аудандардан эвакуация жасау жөнінде жаңа бұйрықтар шығарған болатын.

 

Автор: Бекарыс Сейдахмет

 

Соңғы жаңалықтар