$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Израиль мен Сирия атысты тоқтату туралы келісімге келді

Дулат Абдраманов
19 шілде 2025 09:52 11
Израиль мен Сирия атысты тоқтату туралы келісімге келді Сурет авторы: minval.az

АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Том Баррак Израиль мен Сирия арасындағы атысты тоқтату жөнінде келісім жасалғанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл бастаманы Түркия, Иордания және өңірдегі басқа да мемлекеттер қолдап отыр.

Елші Баррак сонымен қатар сүнниттерді, бедуиндерді және өзге де аз ұлттарды Сирияның бейбіт болашағы жолында бірігуге шақырды.

Қақтығысқа қатысы бар тараптар әзірге бұл келісімге қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар