$ 482.33 € 557.57 ₽ 5.74

Израиль Каспийдегі ирандық әскери кемелерге соққы жасады

Абдрахманов Мағжан
20 наурыз 2026, 10:38
Израиль Каспийдегі ирандық әскери кемелерге соққы жасады Сурет авторы: Alex Hicks

Израиль әскері Каспий теңізінде Иранның бес әскери кемесіне соққы жасағаны туралы ақпарат тарады. Бұл жөнінде 18 наурыз кешінде израильдік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Yedioth Ahronoth басылымының мәліметінше, бұл – Израильдің Каспий теңізіндегі ирандық әскери-теңіз нысандарына жасаған алғашқы шабуылы. Ал KAN мемлекеттік телерадиокомпаниясы да соққы болғанын растағанымен, қосымша мәлімет бермеген.

Оқиғаға қатысты Израиль мен Иран билігі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Шабуыл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әрекеттері күшейген кезеңде болғаны айтылады. Бұған дейін екі ел Иранның оңтүстігіндегі Оңтүстік Парс кен орнындағы газ қоймаларына соққы жасап, тәулігіне шамамен 100 миллион текше метр газ өңдейтін екі зауыттың жұмысын тоқтатқан.

АҚШ пен Израиль 28 ақпаннан бері Иран аумағына соққы жасап келеді. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл операциялардың мақсаты Иранның әскери әлеуетін әлсірету және ядролық қару жасауына жол бермеу екенін мәлімдеген.

Өз кезегінде Иран Израильге және АҚШ-пен ынтымақтастық орнатқан аймақ елдеріне жауап соққыларын жасауда.

 

Соңғы жаңалықтар