$ 519.55 € 596.03 ₽ 6.63

Израиль басшысы Иран көшбасшысына қастандық жасау мүмкіндігін жоққа шығармады

Дулат Абдраманов
17 маусым 2025 09:17 46
Израиль басшысы Иран көшбасшысына қастандық жасау мүмкіндігін жоққа шығармады

Израиль премьері Биньямин Нетаньяху Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменейге шабуыл жасау соғысты ушықтырмай, керісінше тоқтатады деп мәлімдеді. Бұл туралы ол ABC News-ке берген сұхбатында айтты.

Ол Иранды "мәңгілік соғыс" жүргізіп отыр деп айыптап, Израиль ядролық соғыстың алдын алып жатқанын жеткізді. Шабуыл жоспарына нақты жауап бермей, "біз өз міндетімізді атқарамыз" деді.

Ал Иран президенті Масуд Пезешкиан Израиль агрессиясына АҚШ тосқауыл қоймаса, қатаң жауап болатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар