$ 544.26 € 634.72 ₽ 6.52

Италия президенті Қазақстанға келеді

Абдрахманов Мағжан
25 қыркүйек 2025 16:28 25
Италия президенті Қазақстанға келеді Сурет авторы: Creative commons

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің соңғы күндерінде бірнеше маңызды халықаралық іс-шараға қатысады.

📌 26 қыркүйек – Президенттің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтеді.

📌 27 қыркүйек – Астанаға Мьянма Президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн ресми сапармен келеді. Ақордада екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарланған.

📌 29–30 қыркүйек – Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Италия Президенті Серджо Маттарелла ресми сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін қарастырады.

Соңғы жаңалықтар