$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Испания төртінші рет Еуропа чемпионы атанды

Редакция
15 шілде 2024 02:12 2756
Испания төртінші рет Еуропа чемпионы атанды Сурет авторы: Michael Regan/UEFA/Getty Images

Испания құрамасы финалдық кездесуде Англияны 2:1 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионы атанды. 

Ойынның бірінші жартысында екі құрама да қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Бірақ испандар екінші тайм бастала салысымен есеп ашып кетті. Ойынның 47-минутында Нико Уильямс Еуропа чемпионатының финалында ойнаған ең жас ойыншы Ламин Ямалдың пасын голға айналдырды.

Ағылшындардың бапкері Гарет Саутгейт екі ойыншыны алмастырды және бұл шешімі сәтті болды. Алаңға шыққан Коул Палмер 73-минутта есепті теңестірді. Оған Джуд Беллингем пас берді. 

Испандар ойын соңында толассыз шабуылдады, бірақ ағылшындар 87-минутқа дейін тосқауыл қоя білді. Негізгі уақыттың аяқталуына 3 минут қалған кезде Микель Оярсабаль ойын тағдырын шешкен голды еншісіне жазды. Оған Испания чемпион атанса, шашын қызылға бояуға уәде еткен Марк Кукурелья пас шығарып берді. 

Осылайша Испания құрамасы 3 дүркін чемпион Германияны артта қалдырып, төртінші рет Еуропа чемпионв атанды. Ал Англия құрамасы қатарынан екінші Еуропа чемпионатының финалында жеңіліске ұшырады. 

Соңғы жаңалықтар