$ 469.71 € 536.17 ₽ 6.01

Испания Францияны жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты

Абдрахманов Мағжан
15 шілде 2026, 02:10
Испания Францияны жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты Сурет авторы: Paul Ellis/AFP via Getty Images

Испания құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Францияны 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің финалына шықты.

Матчтың 22-минутында Микель Оярсабаль пенальтиден есеп ашты. Екінші таймның 58-минутында Педро Порро Дани Ольмоның нәтижелі пасынан кейін есепті 2:0-ге жеткізді. 61-минутта Ламин Ямаль гол соққанымен, төреші ойыннан тыс қалғанын тіркеп, гол есепке алынбады.

Кездесудің 30-минутында Франция қорғаушысы Вильям Салиба жарақатына байланысты алаңнан шығып, оның орнына Максенс Лакруа шықты. Матч соңына дейін француздар есеп айырмасын қысқарта алмады.

Осылайша Испания өз тарихында екінші рет әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Бұған дейін испандар 2010 жылы әлем чемпионы атанған еді.

Енді Луис де ла Фуэнте шәкірттері Қазақстан уақытымен 20 шілде 00:00-де өтетін финалда Аргентина мен Англия арасындағы екінші жартылай финалдың жеңімпазымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар