$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Ішкі істер министрлігі заңсыз тіркелген 150 автокөлікті анықтады

Редакция
21 қазан 2024 04:14 3327
Ішкі істер министрлігі заңсыз тіркелген 150 автокөлікті анықтады Сурет авторы: kolesa.kz

ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісі прокуратурамен бірге Алматыда көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топты анықтады. 17 күдікті ұсталды. Арасында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен делдалдар бар. 

Топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы автокөліктерді тіркеумен айналысқан. Нәтижесінде VIN-кодтарды өзгертумен айналысқан жерасты цехының жұмысы әшкереленді. Олар 150-ден астам автокөлікті заңсыз тіркеген.

Мемлекетке келтірілген залал шамамен 320 млн теңгеден асты. Алаяқтық, мәліметтер базасындағы ақпаратты заңсыз өзгерту мен көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау фактілері бойынша 17 қылмыстық іс тергелу үстінде.

Соңғы жаңалықтар