Иран, OPEC+ және Қашаған: Қазақстан мұнайына үш жақтан қысым күшейді
Сурет авторы: ЖИ иллюстарциясы
Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 100 доллардан асып, Қазақстанның негізгі экспорттық тауары төңірегіндегі жағдай қайтадан күн тәртібінің алдыңғы қатарына шықты. Қазір елдің мұнай секторына бір мезгілде үш фактор әсер етіп отыр: Қашаған операторы NCOC-пен миллиардтаған долларлық сот дауы, OPEC+ аясындағы өндіріс квотасы және Таяу Шығыстағы соғыс.
Мұнай бағасы 110 долларға жуықтады
11 қыркүйекте Brent бағасы бір сәтте барреліне 109,97 долларға дейін көтерілді. Кейін мұнай шамамен 106 долларға дейін арзандағанымен, бір аптадағы өсім 10 пайызға жуықтады. Reuters мұны АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс пен Ормуз бұғазындағы мұнай тасымалының күрт азаюымен байланыстырады.
10 қыркүйекте Ормуз бұғазы арқылы небәрі жеті кеме өткен. Салыстыру үшін, Ирандағы соғыс басталғанға дейін бұл бағытпен тәулігіне орта есеппен 125 кеме өтетін. Ормуз әлемдік мұнай мен газ тасымалы үшін аса маңызды бағыт саналады.
Қазақстан үшін мұнай бағасының өсуі қысқа мерзімде экспорттық және бюджеттік кірісті арттыруы мүмкін. Алайда энергияның қымбаттауы жаһандық инфляцияны күшейтіп, негізгі орталық банктерді пайыздық мөлшерлемелерді жоғары деңгейде ұстауға итермелеп отыр.
Халықаралық энергетика агенттігі 11 қыркүйекте Таяу Шығыстағы қалыпты мұнай тасымалының қалпына келуі 2027 жылға дейін созылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Агенттік биыл әлемдік мұнай ұсынысы тәулігіне 5,7 млн баррельге қысқаруы ықтимал деп болжап отыр.
Қашаған бойынша 5 млрд долларлық дау жалғасып жатыр
Осы уақытта Қазақстан Қашаған кен орнын игеретін North Caspian Operating Company компаниясымен шамамен 5 млрд доллар көлеміндегі экологиялық айыппұл бойынша соттасып жатыр.
Қазақстан Әділет министрлігінің мәліметінше, NCOC сот шешіміне шағым бергеннен кейін қаражатты мәжбүрлеп өндіріп алу уақытша тоқтатылған. Алайда министрлік мемлекет талаптан бас тартпағанын және істің заңда белгіленген тәртіппен жалғасатынын мәлімдеді.
Дау Қашағанда күкірт сақтау кезінде экологиялық талаптар бұзылды деген айыптауға байланысты. NCOC тағылған айыппен келіспейді және оны сотта даулауда. Консорциум құрамына Shell, TotalEnergies, ExxonMobil және CNPC секілді әлемдік энергетикалық компаниялар кіреді.
Қазақстан OPEC+ аясында жоғары квота алуға мүдделі
Қазақстан мұнайына ықпал ететін үшінші фактор – OPEC+ саясаты.
6 қыркүйекте Сауд Арабиясы, Ресей, Қазақстан, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман қазан айындағы мұнай өндіру жоспарын өзгертпеуге келісті. Осылайша альянс бірнеше айға созылған өндірісті ұлғайту кезеңінен кейін әзірге үзіліс жасады.
Ендігі негізгі мәселе 2027 жылға арналған квоталар болмақ. OPEC+ елдердің нақты өндірістік мүмкіндіктерін бағалап жатыр. Қазақстан соңғы жылдары мұнай өндіру қуаты өскенін айтып, жоғары квота алуға мүдделі.
Reuters сауалнамасына сәйкес, тамызда OPEC елдерінің нақты өндірісі тәулігіне 640 мың баррельге азайған. Бұған Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан Сауд Арабиясы экспортының бұзылуы және Иран мұнайының нарыққа шығуының шектелуі әсер еткен.
Қазақстан үшін мұнай нарығындағы үш тәуекел
Осылайша Қазақстан үшін мұнай нарығында қарама-қайшы жағдай қалыптасып отыр. Brent-тің 100 доллардан жоғары болуы елдің экспорттық түсімін арттыруы мүмкін. Бірақ Таяу Шығыстағы ұзақ соғыс әлемдік инфляцияны күшейтіп, экономикалық өсімді баяулатуы ықтимал. Ал ел ішінде Қашаған бойынша көпмиллиардтық дау мен OPEC+ квотасына қатысты келіссөздер Қазақстан мұнайының алдағы өндіріс көлеміне және инвестициялық ахуалға тікелей әсер етеді.
Соңғы жаңалықтар
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
16 сағат бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
17 сағат бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
17 сағат бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
17 сағат бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
18 сағат бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
18 сағат бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
19 сағат бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
22 сағат бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
23 сағат бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
23 сағат бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
23 сағат бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
1 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
1 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
1 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
1 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
1 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
1 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
2 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
2 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
2 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
2 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
2 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
2 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
3 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
3 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
3 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
3 күн бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
3 күн бұрын