$ 519.55 € 596.03 ₽ 6.63

Иран көшбасшысы әскери қақтығысқа АҚШ-тың араласуына байланысты күтпеген мәлімдеме жасады

Дулат Абдраманов
18 маусым 2025 19:32 78
Иранның рухани көшбасшысы Аятолла Әли Хаменеи АҚШ-тың Израилдің Иранға қарсы шабуылына әскери араласуына қатысты мәлімдеме жасап, мұндай әрекет Вашингтон үшін ауыр зардаптарға соқтыратынын ескертті. Бұл туралы Иранның IRNA агенттігі хабарлады.
Иран көшбасшысы әскери қақтығысқа АҚШ-тың араласуына байланысты күтпеген мәлімдеме жасады Сурет авторы: Global Look Press

Хаменеи өз сөзінде Израильдің Иранға жасаған шабуылын «үлкен қателік әрі қылмыс» деп атап, бұл үшін Тель-Авив қатаң жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

«АҚШ-тың жағдайға араласуға мәжбүр болуы – Израиль режимінің әлсіздігін көрсетеді», – деді аятолла.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Израильдің Иранға бағытталған соққыларына қосылу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар