$ 481.83 € 556.8 ₽ 5.85

Иран АҚШ ұсынысын қабылдамады

Абдрахманов Мағжан
26 наурыз 2026, 10:31
Иран АҚШ ұсынысын қабылдамады Сурет авторы: TRT

Иран АҚШ-тың келіссөз жүргізу туралы ұсынысын қабылдамай, келісімге келуден бас тартты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Тегеран Пәкістанның арағайындығымен ұсынылған 15 тармақтан тұратын келісім жобасын қолдамаған. Иран тарапы өз ұстанымы өзгермейтінін мәлімдеген.

Иран қойған негізгі шарттардың қатарында «агрессияны толық тоқтату», соғысты қайта бастамауға кепілдік беру, өтемақы төлеу, қарулы қақтығыстарды тоқтату және Ормуз бұғазын бақылауды мойындау талаптары бар.

Бұған дейін The Wall Street Journal басылымы Тегеран АҚШ базаларын жабу, санкцияларды алып тастау, Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден алым алу құқығын беру, ядролық бағдарламаны жалғастыру және «Хезболлаға» қарсы шабуылдарды тоқтату талаптарын қойғанын жазған.

АҚШ тарапы бұл талаптарды орындалмайтын және негізсіз деп бағалаған.

Соңғы жаңалықтар