eGov, e-Otinish және Aitu сервистері интернетсіз қолжетімді болады
Сурет авторы: Мәжілістің баспасөз қызметі/ Ж.Жұмабеков
Бүгін Мәжіліс депутаттары «Телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжіліс Бұл заң Әбутәліп Мутәлінің айтуынша, телекоммуникация саласында қол жеткізілген нәтижелерді заңнамалық тұрғыдан бекітіп, оның одан әрі дамуына жаңа серпін беруге бағытталған.
Депутаттың сөзінше, заң жобасы 116 түзетуден тұрады. Негізгі мақсат — байланыс қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, байланыс желілерін қорғау және телекоммуникация саласындағы алаяқтық әрекеттерге қарсы күресті күшейту.
Оның айтуынша, түзетулер аясында eGov, e-Otinish, ұлттық мессенджер Aitu секілді әлеуметтік маңызы бар цифрлық сервистерге тарифтелмейтін қолжетімділік енгізіледі. Бұл азаматтарға ұялы байланыс балансында қаражат болмаса да, негізгі мемлекеттік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар байланыс операторларының қаржылық есептілігі, инфрақұрылымға қол жеткізу тарифтері мен қосылу талаптарын жариялау арқылы олардың қызметінің ашықтығы күшейтіледі.
Әбутәліп Мутәлінің мәліметінше, байланыс сапасын жақсарту мақсатында репитерлерді елге әкелуге шектеу қойылып, оларды тек байланыс операторлары ғана импорттай алады. Сондай-ақ байланыс нысандарын салуға арналған жер учаскелерін бөлу тәртібі жеңілдетіліп, шалғай және туристік аймақтарда байланыс желілерін тарту мүмкіндігі кеңейтіледі.
Депутат заң жобасының екінші блогы телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жаңа технологияларды енгізуге бағытталғанын айтты. Атап айтқанда, радиожиілік спектрін пайдалану мерзімі белгіленіп, Интернет заттары желілері, спутниктік байланыс жүйелері мен виртуалды операторлардың қызметіне қатысты құқықтық негіз жаңартылады. Оның айтуынша, бұл өзгерістер шалғай аумақтардағы интернет сапасын арттыруға және спутниктік байланыс саласындағы бәсекелестікті күшейтуге ықпал етеді.
Сонымен қатар депутат халықаралық транзиттік интернет-трафиктің кедергісіз өтуі заңнамалық тұрғыдан бекітілетінін атап өтті. Бұл Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретіндегі рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.
Әбутәліп Мутәлі үшінші блок деректер қауіпсіздігін күшейтуге және байланыс желілеріндегі алаяқтықпен күреске бағытталғанын жеткізді. Оның айтуынша, деректерді өңдеу орталықтарын стратегиялық объектілер қатарына жатқызу ұсынылып отыр. Сонымен бірге заңды тұлғалардың қоңырауларын таңбалау тетігі енгізіліп, абоненттік нөмірлер мен құрылғыларды үшінші тұлғаларға беруге шектеу қойылады.
Депутат соңғы үш жылда телекоммуникация саласына 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылғанын мәлімдеді. Нәтижесінде тіркелген байланыс абоненттерінің саны 19%-ға, мобильді байланыс абоненттері 12%-ға өскен. Ал мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 75%-ға артып, интернет-трафик көлемі 67%-ға ұлғайған.
Оның айтуынша, алдағы екі жылда 3,5 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады. Сонымен қатар республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар мобильді интернетпен қамтамасыз етіледі. Биыл пойыздар мен ұшақтарды спутниктік интернетке қосу, сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет Direct-to-Cell технологиясын енгізу жоспарланып отыр.
Әбутәліп Мутәлі заң жобасын қабылдау телекоммуникация саласының инвестициялық тартымдылығын арттырып, цифрлық инфрақұрылымды жаңа деңгейге көтеретінін айтты. Оның мәліметінше, алдағы екі жылда салаға 630 миллиард теңгеден астам инвестиция тарту күтілуде. Сонымен қатар абоненттік құрылғыларды верификациялау есебінен бюджетке жыл сайын 30 миллиард теңгеден астам түсім түсуі мүмкін.
Депутаттың сөзінше, 2035 жылға қарай халықаралық транзиттік интернет-трафик көлемі 15 Тбит/с-тан 35 Тбит/с-қа дейін ұлғайып, осы бағыттан түсетін жылдық табыс 300 миллиард теңгеге дейін жетуі ықтимал. Сонымен бірге 2027 жылдың соңына дейін ауылдардың 90%-дан астамы талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамтылып, азаматтар негізгі мемлекеттік сервистерге мобильді интернет арқылы тегін қол жеткізе алады.
Соңғы жаңалықтар
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
17 минут бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
56 минут бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
3 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
3 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
4 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
5 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
5 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
5 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
1 апта бұрын