$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

INTER КЛУБЫ ҚАЗАҚША ПОСТТАРЫН ТЕК ҚАЗАҚСТАНДА ҒАНА КӨРІНЕТІН ЕТІП ЖАРИЯЛАҒАН

Редакция
06 қараша 2025 17:47 391
Миландық Inter футбол клубы Instagram парақшасында қазақ тіліндегі жазбаларын тек Қазақстан аумағында көрінетін етіп жариялаған. Қазақстандық жанкүйерлер клубтың қазақша посттарына ерекше назар аударған еді.
INTER КЛУБЫ ҚАЗАҚША ПОСТТАРЫН ТЕК ҚАЗАҚСТАНДА ҒАНА КӨРІНЕТІН ЕТІП ЖАРИЯЛАҒАН Сурет авторы: Qrnews

Алматылық “Қайрат” клубымен болатын Чемпиондар лигасы ойыны алдында Inter қазақша әнмен безендірілген посттар жариялап, қазақстандықтар тарапынан миллиондаған қаралым, пікір және лүпіл жинаған болатын.

Алайда кейіннен белгілі болғандай, клубтың қазақ тіліндегі жазбалары тек Қазақстан аумағында ғана көрінетін болып шықты. Егер шетелден немесе VPN арқылы өзге елден “Inter” парақшасына кірсеңіз, қазақша посттар мүлде көрінбейді.



Бұған дейін қазақстандықтар, қазақша жарияланған посттың астына: “Қазақстаннан SMM жұмысқа тұрған ба?”, “Рахмет, жаным Inter! Қазақ елі мен тіліне құрметіңіз үшін бүгіннен бастап Inter фанатымын!”, “Шынымен Inter-дің өз парақшасы ма, біздікілер бұзып алмады ма екен?”, - деген пікірлер қалдырған.

Клубтың қазақ тілінде жариялаған жазбалары 4 миллионға жуық қаралым жинаған.

Соңғы жаңалықтар