$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Инсулинсіз өмір: АҚШ ғалымдары қант диабетінің 1-ші типін емдеуге болатынын дәлелдеді

Дулат Абдраманов
25 қараша 2025 11:03 269
Инсулинсіз өмір: АҚШ ғалымдары қант диабетінің 1-ші типін емдеуге болатынын дәлелдеді Сурет авторы: snovazdorovo.ru

АҚШ-тағы Vertex Pharmaceuticals компаниясы VX‑880 деп аталатын жаңа терапияны жасап шығарды. Бұл ем науқастың ағзасына өз инсулинін қайта шығару мүмкіндігін береді. Клиникалық сынаққа қатысқан 14 пациенттің 10-ы екі жылдан бері инсулин қолданбайды. Ғалымдар бұл нәтижені соңғы 100 жылдағы бірінші нақты табыс деп бағалап отыр.

Осыған ұқсас әдісті Stanford Medicine университетінің зерттеушілері тышқандарда сынап жатыр. Нәтижесінде организмнің өз инсулинін шығара бастағанын көрсетті. Ғалымдар тышқандарға донордан алынған қан жасушалары мен ұйқы безінен инсулин шығаратын жасушаларды енгізген. Содан тышқандар өз ағзасынан инсулин өндіре бастаған, яғни сырттан инъекция жасау қажет болмаған.

Бұл терапия диабет 1-типімен күресте үлкен үміт тудырды, бірақ әлі зерттеу кезеңінде. Кейбір пациенттерге иммунитетті басатын дәрілер қажет, және ұзақ мерзімді қауіпсіздік әлі толық зерттелмеген. Дегенмен, VX‑880 нәтижелері 1-типті диабетті емдеуге жақындаған ең үлкен ғылыми қадамдардың бірі болып отыр.

Соңғы жаңалықтар