$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Instagram қолданушыларына қауіп төнді: 17,5 млн дерек қолды болды

Редакция
12 қаңтар 2026, 09:37
Instagram қолданушыларына қауіп төнді: 17,5 млн дерек қолды болды Сурет авторы: ҚазАқпарат

Malwarebytes сарапшылары 17,5 миллион қолданушының жеке мәліметтері даркнетке шығып кеткенін анықтады. Хакерлер қазір бұл базаны өзара қызу талқылап жатыр.

Нақты не ұрланды?

Бұл жай ғана логиндер емес, өте маңызды ақпараттар:

  • Аты-жөніңіз бен никнейміз;
  • Электрондық пошта мен телефон нөміріңіз;
  • Тұрғылықты жеріңіз туралы деректер.

Хакерлер бұл деректерді пайдаланып, сіздің атыңыздан жалған хабарламалар таратуы немесе «құпия сөзді ұмыттым» функциясы арқылы аккаунтыңызды тартып алуы мүмкін.

Егер Instagram-нан күмәнді хаттар келсе немесе біреу сіздің атыңыздан хабарласса, сақ болыңыз!

Мамандар шұғыл түрде келесі сақтық шараларын орындауды сұрайды: біріншіден, Instagram-дағы құпия сөзіңізді дереу жаңартыңыз. Екіншіден, аккаунтыңызға міндетті түрде екі факторлы аутентификацияны (2FA) қосыңыз — бұл хакерлер үшін басты кедергі болмақ. Сонымен қатар ең маңыздысы, поштаңызға немесе direct-ке келген күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, себебі бұл сіздің деректеріңізді жинауға арналған тұзақ болуы мүмкін. Өз цифрлық деректеріңізге абай болыңыз

Соңғы жаңалықтар