$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Инфляция төмендей ме? Қазақстанның алдағы жылдарға арналған болжамдары

Редакция
30 қазан 2024 02:33 3068
Инфляция төмендей ме? Қазақстанның алдағы жылдарға арналған болжамдары Сурет авторы: ЖИ

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 2025-2029 жылдарға арналған инфляция болжамын Мәжілістің жалпы отырысында жария етті. Министрдің айтуынша, 2025 жылы инфляция деңгейі 5,5-7,5 пайыз аралығында болады деп күтілуде. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 5-6 пайыз деңгейінде болжанып отыр. 2027-2029 жылдарға қарай инфляцияны 5 пайызға дейін төмендету көзделген.

Қазіргі жағдайға келсек, қыркүйек айында инфляция деңгейі 3,8 пайызды құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі жарым есе төмендеп, айтарлықтай өзгерісті көрсетіп отыр, дейді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар