$ 519.64 € 609.23 ₽ 6.62

Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін

Абдрахманов Мағжан
26 маусым 2025 09:44 59
Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін Сурет авторы: shutterstock

Индонезияның Бали аралында екі қазақстандық азамат есірткіге қатысты қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, оларға өлім жазасы тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы Kazinform индонезиялық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Хабарламаға сәйкес, қос азамат сәуір айында қамауға алынған. Тінту кезінде олардың үстінен шамамен 49 грамм метамфетамин табылған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады.

– Қазіргі уақытта Индонезияның құзырлы органдары аталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Осыған байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен байланыс ұстап отыр. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың бақылауында, – деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Айта кетейік, Индонезияда есірткіге байланысты қылмыстар үшін жаза өте қатал. Бұған дейін де бұл елде шетел азаматтарына өлім жазасы қолданылған. Дегенмен 2017 жылдан бері Индонезияда өлім жазасына қатысты мораторий күшінде.

Соңғы жаңалықтар