$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

in Drive Қазақстанда университет ашуды жоспарлап отыр

Редакция
05 қыркүйек 2024 08:23 3289
in Drive Қазақстанда университет ашуды жоспарлап отыр Сурет авторы: Фото: primeminister.kz

Премьер Олжас Бектенов пен in Drive негізін қалаушы Арсен Томский цифрлық индустрияны дамыту жоспарын талқылады.

Үкіметтің ақпараты бойынша, ҚР Премьер-министрімен кездесуде Арсен Томский Қазақстанда 400 орындық invision U университетін ашуды ұсынды.

"Университет IT, білім, ғылым, өнер бағыттары бойынша мамандар дайындайды", - деп хабарлады Үкімет.

in Drive басшысы компания мегаполистердегі ауа сапасын жақсарту бойынша міндеттерді өз мойнына алуға дайын екенін айтты. Премьер мемлекеттік органдарға көмек көрсетуді тапсырды.

In Drive Қазақстанның платформалық жұмыспен қамту жөніндегі бастамасын қолдайтынын атап өтті.



Соңғы жаңалықтар