$ 505.71 € 591.43 ₽ 6.65

Илон Маск: жасанды интеллект 2030–2031 жылдары бүкіл адамзаттан ақылды болады

Абдрахманов Мағжан
23 қаңтар 2026, 11:53
Илон Маск: жасанды интеллект 2030–2031 жылдары бүкіл адамзаттан ақылды болады Сурет авторы: AP photo

Америкалық кәсіпкер Илон Маск жасанды интеллект (ЖИ) жақын жылдары адамзаттың ақыл-ой мүмкіндігінен асып түседі деп мәлімдеді. Ол бұл пікірін Давоста өткен форумда айтты.

Масктың айтуынша, 2025 жылдың соңына дейін немесе 2026 жылдан кешіктірмей кез келген адамнан ақылды жасанды интеллект пайда болуы мүмкін. Ал 2030–2031 жылдары ЖИ «барлық адамзаттың жиынтық интеллектінен де жоғары деңгейге жетеді».

Кәсіпкер болашақта тауарлар мен қызметтердің молшылығы қалыптасатынын болжап, роботтандыру үдерісі жеделдейтінін атап өтті. Оның пікірінше, гуманоидты роботтардың саны адамдардан да көп болады, олар миллиардтап шығарылады.

Маск қауіпсіздік талаптары сақталған жағдайда, әрбір адамның жеке роботы болуы мүмкін екенін айтады. Мұндай роботтар балаларды қарауға, үй жануарларына күтім жасауға, қарттарға көмектесуге пайдаланылуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар