$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

ІІМ мопедтерді тіркеу тәртібін түсіндірді

Редакция
14 ақпан 2025 02:11 3396
ІІМ мопедтерді тіркеу тәртібін түсіндірді Сурет авторы: depositphotos

Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеу ережелерін түсіндірді. Мопедті тіркеу үшін арнайы ХҚО-ға жүгіну қажет. Жеке басты куәландыратын құжатты электронды түрде ұсынуға болады, сондай-ақ техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді тапсыру керек. Өтініш толтырып, көлікті тексеруден өткізіп, мемлекеттік баж салығын төлеу қажет: тіркеу үшін – 0,25 АЕК, тіркеу куәлігін алу үшін – 1,25 АЕК, ал мемлекеттік нөмір алу үшін – 1,4 АЕК. Егер көлікте VIN-код болмаса, ол тексеруден кейін беріледі. Мұндай жағдайда мопедтің шығарылған жылы тексеріс жүргізілген жыл болып есептеледі.

Мемлекеттік нөмірді беру процесі мотоциклдерге қолданылатын тәртіп бойынша жүзеге асады және нөмірлер автоматты түрде тағайындалады. Мопед жүргізу үшін жүргізушінің А1 санатындағы куәлігі болуы шарт, алайда А немесе В санаты бар азаматтарға қосымша куәлік алудың қажеті жоқ.

5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Егер мопедтің тіркелмегені анықталса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар