$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Хромтау қаласының әкімі екі айға қамауға алынды

Абдрахманов Мағжан
12 қараша 2025, 09:37
Хромтау қаласының әкімі екі айға қамауға алынды

Ақтөбе облысында Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықпаев ұсталып, екі ай мерзімге қамауға алынды.

Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, іс әзірге сотқа түспеген.

"Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Сотқа іс түспеді. Тергеудің өзге деректері әзірге жарияланбайды", – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Ресми тергеу баптары нақтыланбағанымен, Kazinform агенттігінің дерегінше, әкімге қатысты іс «пара алу» бабымен тергеліп жатыр.

Белгілі болғандай, Сағындық Шабықпаев 2023 жылдың қыркүйегінде Хромтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар