$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Хирургиядағы революция: музыка анестезияны жеңілдетеді

Редакция
25 қараша 2025 16:24 134
Хирургиядағы революция: музыка анестезияны жеңілдетеді Сурет авторы: BBC

Үндістандық дәрігерлер музыка хирургиялық оталар кезінде пациенттің жағдайын жақсартып, анестезияға қажетті дәрі мөлшерін азайтатынын анықтады. Зерттеу Делидегі Маулана Азад медицина колледжі мен Лок Наяк ауруханасында жүргізіліп, Music and Medicine журналында жарияланды.

Лапароскопиялық өт қабын алу операциясына қатысқан 56 пациенттің бір бөлігіне ота барысында құлаққап арқылы баяу әуен (сыбызғы немесе пианино) тыңдатылған. Ғалымдардың айтуынша, адам ес-түссіз жатқан кезде де миының есту жолдары белсенді күйде болады.

Музыка тыңдатылған топта:

пропофол мен фентанил дозасы азайған,

қан қысымы тұрақты болған,

рековеридің жылдам және айқын өткендігі байқалған,

 • стресс гормоны кортизол деңгейі төменірек болған.

BBCдің хабарлауынша, зерттеушілер музыка пациенттің ағзасындағы ота алдындағы және ота кезіндегі стрессті бәсеңдетіп, қалпына келу процесін жеңілдететінін анықтаған.

Мамандар бұл тәсіл болашақта хирургиялық тәжірибеде кеңінен қолданылуы мүмкін деп болжайды.

Соңғы жаңалықтар