Хиджаманың пайдасына сенесіз бе?
Қазіргі таңда медицинаның дамып жатқанын білеміз. Әсіресе медициналық технологиялар, пациентке диагноз қоюға, әрі қарай ем алуға үлкен көмек болып жатыр. Осы орайда, ертеден келе жатқан хиджама әдісіне жүгіну қаншалықты дұрыс?
Астана қаласындағы хиджама клиникаларының біріндегі хаджам* (хиджама жасаушы маман) Әбілсейт, өзінің ісіне байланысты ауқымды анықтама берді. Оның айтуынша қазіргі таңда хиджамаға жүгінетін ер адамдардың жас аралығы 20-60 жасты құрайды. Олардың шағымдары әр түрлі. Бас ауруынан бастап, арқаның құрысуы, аяқтың жылымауы, простатит және қан қысымы төмен немесе жоғары адамдар келеді.
«Ешқандай шағымы жоқ болса да, профилактикалық мақсатта жасатқан абзал болады. Қан тазарғаннан кейін, иммундық жүйе жақсарғаннан кейін, организм өзін-өзі емдеп алады», – дейді хаджам дәрігер Әбілсейт Досаев.
Ал егерде бұл ем түрін, кәсіби шеберлігі төмен маманнан алар болсаңыз, өміріңізге қауіпті болуы мүмкін. Маман, хаджамның кәсіби біліктілігі бар-жоғын ажырату жолымен бөлісті.
«Мен өзім, хирург мамандығы бойынша 1992 жылы, Алматы медицина институтын бітіргенмін. Ем алушы кісі, хаджамнан сіздің қандай біліміңіз бар деп сұрауы керек. Өйткені сен денсаулығыңды дәрігерге аманат қылып тапсырып жатырсың. Қажет болса құжаттарын талап ету керек. Егер, келген кісінің хиджама туралы білімі бар болса, өзінің алдындағы хаджамның әңгімесінен оның біліктігін байқайды», – дейді дәрігер.
Хиджама жасау, келген пациентпен сөйлесіп, диагноз қоюдан басталады. Одан кейін қан қысымы өлшенеді. Әрі қарай емдеуші дәрігер, қанша құты және қай нүктеге қойылу керектігін өзі шешеді. Процесс басталмас бұрын, пациентті арнайы үстелге жатқызып, құты қойылатын жер уқалап сыланады. Одан кейін құты қою және хиджама жасау процесі жүреді. Қызықты дерек, маманның айтуы бойынша, пациентке бір мезетте 30 құтыға дейін қоюға болады екен. Негізінде бір сеанс кезінде 6 мен 9 арасында құты қойылады.

Ал енді, кімге хиджама жасатуға болмайды деген сұраққа келер болсақ, алдымен қатерлі ісік ауруының үшінші, төртінші кезеңіне өтіп кеткен немесе жақын арада химия терапия алған адамға жасатуға болмайды. Бұдан бөлек егде адамдарға, яғни жасы 80-нен асып кеткендерге, әлсіз кісілерге жасатуға болмайды.
Хаджам дәрігер, қазіргі медицина дамыған заманда, хиджамаға неліктен қажеттілік барын, түсіндіріп берді. Оның айтуынша хиджама арқылы майда қыл тамырды, қызметін атқарып, жарамсыз болып қалған капиллярдағы қанды алып тастайды.
«Медицина қанша дамығанымен, қанның құрамындағы керек емес заттарды, арзан әрі тиімді жолмен алып тастай алмайды. Медицинадағы аппараттар, жалпы айналымда жүрген қанды ғана тазалайды, бірақ капиллярдағы қанды тазалай алмайды. Хиджаманы медицина тіліне аударса, капиллярлық терапия деп аталады», – дейді Әбілсейт дәрігер.
Әйелдер хиджамасы
Хиджаманы егер тек ер адамдарға ғана жасайды деп ойласаңыз, қателескеніңіз. Себебі алматылық хаджам дәрігер, өзінің жұмысы туралы толықтай айтып берді.
Маман, Шапат Сауленің айтуынша хиджама жасатуға 18 бен 55 жас аралығындағы әйелдер жүгінеді. Олардың шағымдары да тиісінше әр түрлі болған.
«Хиджамға жүгінетіндердің диагнозы әр түрлі. Көп таралған остеохондроз ауруынан бастап, жын кіру мен сиқырлануға байланысты да жасатады. Әсіресе, әйелдер арасындағы проблемалары бойынша келетіндер де көп. Хиджамаға келгендер арасында хайыз циклін қалпына келтіру үшін, жүктілік, қант диабетімен ауыратын, депрессиядан шыға алмай жүргендер, варикоз, тағамдық және маусымдық аллергиясы бар науқастар болды», – дейді әйелдер хаджамы Сауле Айдарханқызы.
Ол, адам денесінде арнайы нүктелер болатынын, және толықтай сеанстан өткен адамдар ауруынан айығатынын айтады. Толықтай курс алу үшін адамдар бірінші мен екінші сеанс арасына 21 күн салуы қажет. Алайда бұл уақыт көлемі жөнінде ем алған маманыңызбен кеңескен жөн.
«Егер хиджаманың айқын пайдасы туралы айтатын болсақ, мен сенімді түрде, үнемі хиджама жасайтын адамдар иммунитетін күшейтіп, дәрі-дәрмекті ұмытатынына кепілдік беремін. Олар өзінің қазіргі жасынан әлдеқайда жас көрінеді. Өйткені ағзадағы қаны жаңарып тұрады», – дейді хиджама маманы.
Хаджам, «ең бастысы хиджама – пайғамбардың сүннеті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)» – деп те атап өтті. Емнің дінмен байланысы жөнінде кейінірек, ҚМДБ пәтуа бөлімі маманының айтқанына тоқталамыз.
Әйелдер хаджамының айтуынша оның тәжірибесінде хиджама жасаудың жағымсыз салдары кездеспеген. Жанама әсері ретінде терінің кесілген жері 3-5 күн ішінде жазылатыны туралы айтты.
«Рәсім, 65 жастан асқан әйелдер мен балаларға жасалмайды. Жүктілік мерзімі 2,5 айдан аспаған және емізулі баласы барларға хиджама тыйым салынады. Жалпы әлсіздік сезімі барларға хиджама жасатудан бас тартқан жөн», – дейді маман.
Дәрігер Сәуленің айтуынша, қан алмас бұрын асқазанды аш ұстау қажет. Алайда, хиджамадан бұрын су ішсе немесе бал жеу рұқсат етілген. Сонымен қатар, процедурадан бұрын және процедурадан кейін антисептиктерді, ережелер мен ұсыныстарды сақтау қажет.
«Ең маңызды нәрсе – бұл хиджаманың емдік күшіне толық сену. Себебі көп нәрсе пациенттің оң көзқарасына байланысты», – дейді дәрігер.
Гематолог дәрігердің көзқарасы
Гематолог дәрігер, “арам” қан кетіп, орнына жаңа қан келуі ағзаға жақсы септігін тигізеді дейді.
«Хиджама туралы ойым жаман емес. Жалпы дәрігерлер пациенттерге хиджама жасатыңыз деп айта алмайды. Ол әркімнің таңдауы. Біз берілген протокол бойынша ем жүргіземіз. Кейде тромбоцитоз диагнозымен келетін пациенттер болады. Оған хиджаманың көмегі болса да, біз оған ережеге байланысты хиджама жасатыңыз деп айта алмаймыз», – деді гематолог дәрігер Рахмет Сәулет Айтбекқызы.
Алайда дәрігер, халыққа емханадан, ресми маманнан кеңес алуға шақырды.
ҚМДБ хиджама туралы не дейді?
Редакция, хиджаманың ислам дінімен байланысы туралы ақиқатты білу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына жүгінген болатын. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі, ислам адам тәні мен өміріне зиян тигізбеуге үндейтінін, адамның денсаулығына зиян келтіретін нәрселерден алыс болуға шақыратынын айтты.
«Ислам, ауырған сәтте емделу жолдарын іздеуді міндеттеді. Алла Тағала: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар» , – деп бұйырған», – дейді Мүфтият өкілі.
Дін маманы өз сөзінде, хиджаманы емнің озық түрі деп атап өтті.
«Дертті де шипасын да беруші бір ғана Алла. Алайда бізге шариғатымыз себебін жасауды талап етті. Яғни емделу үшін оның жолын қарастыруды әмір етті. Сол емделудің бір жолы – хиджама. Хиджама сөзі араб тілінен аударғанда «сору» деген мағынаны білдіреді. Бұл емделудің ең озық түрі болып саналады», – деді Бауыржан Әбдуәлі.
Ол бұған хадистен мысал келтірді: «Әбу һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Жәбірәйіл (ғ.с) маған қан алу – адамдарды емдеудің ең озық әдісі екенін хабарлады».

Теологтың айтуынша Хиджама жасау бас ауруына, құлақ, тамақ, мұрын және тіс ауруларына, психикалық ауруларға (күйзеліс), тіс ауруына, әлсіздікке, бас сақинасына, көру және есту қабілетін жақсартуға, ми қабынуына пайдасын тигізеді.
Сонымен қатар, кардиомиопатия (жүрек бұлшық еті қызметінің әлсізденуі), қан қысымының жоғарылауы, ревматизм (буын-буын мен бұлшық еттердің шаншып, сырқырап ауыруы), бронхит; Іштің үстіңгі аймағындағы фурункулез, аяқтағы бітпейтін (жазылмайтын) жаралар, гемморой, ұйқышаңдық, қышыма, жатыр және қуық қалбыршығының қабынуы тәрізді ауруларға емі бар.
Нұрбол Төлебаев
Соңғы жаңалықтар
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
48 минут бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
1 сағат бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
2 сағат бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
2 сағат бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
2 сағат бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 сағат бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
19 сағат бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
19 сағат бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
19 сағат бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
20 сағат бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
21 сағат бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
21 сағат бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
22 сағат бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
22 сағат бұрын
-
Бұрынғы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды
23 сағат бұрын
-
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгермек: негізгі 5 өзгеріс
1 күн бұрын
-
Такси бағасын кім белгілейді және сұраныс артқанда жолақы неге қымбаттайды?
1 күн бұрын
-
Ресейде бала туғысы келмейтін әйелдерді психологқа күштеп жіберетін болды
1 күн бұрын
-
Әзербайжанда мектептегі хиджаб дауы ушығып, 37 адам ұсталды
1 күн бұрын
-
Ақтөбеде әйелді өлтірді деген күдікпен Атырау тұрғыны ұсталды
1 күн бұрын
-
Yandex-тегі ақау кезінде такси бағасы үш есеге жуық өскен: InDrive-қа ескерту жасалды
1 күн бұрын
-
Сауд Арабиясындағы шабуылдар: СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
1 күн бұрын
-
Өз қалауымен жәрдемақыдан бас тарту: Қазақстандықтар өз ұстанымдарын түсіндірді
1 күн бұрын
-
Жәрдемақыдан қағылуыңыз мүмкін: отбасы санаты қате есептелсе не істеу керек?
1 күн бұрын
-
Yandex қызметтері қашан толық іске қосылады? Министр болжамын айтты
1 күн бұрын
-
Перизат Қайраттың туыстары Дубайдағы қымбат пәтерлерді қайдан алған: ҚМА түсіндірді
1 күн бұрын
-
Бельгия Қазақстанға ірі делегациямен келді: Тоқаев пен Король Филипп не талқылады?
1 күн бұрын
-
Тоқаев барлық мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтар алған несиесінен 14 күн ішінде айыппұлсыз бас тарта алады
1 күн бұрын
-
Yandex-тегі ақаудың салдары алты айға созылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Ерлан Саировтың бастамасы қолдау тапты: Оқушылар енді қалай сәлемдесуі тиіс?
2 күн бұрын
-
Зеленский Украинада сайлау өткізуге дайын екенін айтты: бірақ бір шарты бар
2 күн бұрын
-
Артық құжат жинау аяқталды: IMEI-кодты верификациялау енді қалай жүзеге асады
2 күн бұрын
-
«Яндекс» сервисіндегі ақау аясында inDrive платформасына ондаған мың жаңа жүргізуші қосылды
2 күн бұрын
-
Мәслихаттар мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін: Тоқаев Премьер-министр және Құрылтай төрағасымен кеңесті
2 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетика нысандарына соққы жасауды тоқтататынын мәлімдеді
2 күн бұрын
-
Басына пакет кигізіп, үйден алып шыққан: Алматыда адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды
2 күн бұрын
-
Yandex-тегі ақау Қазақстанға неге әсер етті? Министрлік түсіндірді
2 күн бұрын
-
Концерттегі дүрбелең, Яндекстегі ақау, Трамп мәлімдемесі: Апта соңы не болды?
2 күн бұрын
-
Ресейде «Яндекс» дата-орталықтарына дрон түсіп, сервистер іркіліспен жұмыс істеп жатыр
3 күн бұрын
-
Әкем қазақ тілін жетік меңгеруге септігін тигізді - Амангелді Кеңшілікұлы
3 күн бұрын
-
МӘМС болмаса да: 2027 жылдан бастап қазақстандықтар қандай тексеруден тегін өте алады?
4 күн бұрын
-
Қытай көлік экспортын қатаңдатады: бұл Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?
4 күн бұрын
-
Сабақтан кейінгі жанжал мектеп оқушысының өлімімен аяқталды
4 күн бұрын
-
«TikTok-менталитеттен» арылудың жолы: Тоқаев жастардың мінез-құлқын өзгертетін бастама ұсынды
4 күн бұрын
-
Шығыс Салбурыны-2026» фестивалі аясында Қазақстанда алғаш рет құсбегіліктен Азияның ашық кубогы сарапқа салынуда
4 күн бұрын
-
Қазақстанның робототехника құрамасы FIRST Global Challenge 2026 халықаралық чемпионатында үздік төрттікке енді
4 күн бұрын
-
Ерлан Қошанов: Мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалогтың жұмыс істейтін жүйесін құруға тиіспіз
4 күн бұрын
-
Қазақстанда семіздікті кешенді емдеу мен алдын алудың жаңа бағдарламасы басталды
4 күн бұрын
-
Ресейдің сұрауымен Астанада ұсталған Украина азаматы босатылды
5 күн бұрын
