$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Хэллоуин мерекесіне дайындалған дәмхана айыппұл арқалады

Редакция
28 қазан 2024 02:18 1621
Хэллоуин мерекесіне дайындалған дәмхана айыппұл арқалады Сурет авторы: YK-news

Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірі “Хэллоуин” мерекесін тойлауға дайындық үшін ерекше әдіс ойлап тапқан. Олар мейманхана алдындағы ағашқа адам мәйіті секілді қара пакет іліп қойып, жұрт назарын аудармақ болған. Алайда жоспарлары жүзеге аспай жұртты шошытып алған.

Қала тұрғындарын дәмхана иесіне "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін" 30 АЕК (111 мың теңге) айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар