$ 470.17 € 547.47 ₽ 6.42

Халықтың үні партия бағдарламасына енеді: Қошанов азаматтармен кездесті

Редакция
15 мамыр 2026, 23:12
Халықтың үні партия бағдарламасына енеді: Қошанов азаматтармен кездесті

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов қоғам қабылдауын жүргізді.

Кездесу барысында халық өкілдері бірқатар өзекті мәселелерін ортаға салды.

ZnV6vdsL1E.png


Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны Бейбіт Қасенов су құбыры желілерін жөндеуге республикалық бюджеттен қаражат бөлу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, аудан орталығындағы су желілері 30 жыл бойы жөнделмеген, инфрақұрылымның 60–70 пайызы тозып кеткен. Қошанов бұл мәселені партияның болашақ жұмысында ескеретінін мәлімдеді.

Астана жастары жұмыс берушінің өздеріне жалақы төлемегені туралы шағым айтты. Партия төрағасы еңбек шарты жасаспай жұмысқа тарту заңсыз екенін ескертіп, «Жастар Рухы» жастар қанатының жұмыспен қамту жәрмеңкелерін ұйымдастыратынын айтты.

Азаматтар тағы да мынандай мәселелерді көтерді:

• Есірткі саудасы үшін сотталғандарға қатысты қылмыстық саясатты жұмсарту

• Ауылдық жерлердегі телефон және интернет байланысының сапасын жақсарту

hCqENy3bjK.png

• Шекаралық ауданда пошта қызметін ұйымдастыру

• Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші отбасыларға жеңілдікпен көлік беру

 • Электр есептегіштерін орнату тәртібін жетілдіру

Ерлан Қошанов өткізілген қабылдаудың маңыздылығын атап өте келе, өткен жылы партияның қоғамдық қабылдауларына 124 мың өтініш түскенін және олардың басым бөлігі шешімін тапқанын айтты. Бұл — Мемлекет басшысының «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзіндегі көрінісі деп атап өтті.

7iQfUzlmPb.png

Барлық көтерілген мәселелер Партия Төрағасының жеке бақылауына алынды.

Соңғы жаңалықтар