Халықтық Конституция үшін коалициясы Шымкент тұрғындарының сұрақтарына жауап берді
Сурет авторы: Әли Ғалым
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің өңірлерге сапарлары жалғасуда. Ерлан Қошанов бастаған делегация Шымкент қаласының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Ғалымдар, еңбек ұжымдары, мәдениет, спорт және коммуналдық сала өкілдері Ата заң жобасының негізгі ережелерін және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызын талқылады. Басты назарда – адам, оның еңбегі, білімі және қауіпсіздігі.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті алаңында ғылыми қауымдастық, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен кездесу өтті. Оған 300-ден астам адам жиналды. Іс- шарада Ерлан Қошанов университет ұлттың зияткерлік негізін қалыптастыратын маңызды алаң екенін ерекше атап өтті.
– Біз биік мұратқа, ұлы мақсаттарға бет алған ұлтпыз. Алдымызда ауқымды, іргелі істер күтіп тұр. Оған біз қалай және қашан жетеміз? Біз тек әділдік салтанат құрғанда ғана биік белесті бағындырамыз. Заң мен тәртіп үстемдік құрғанда ғана дегенімізге жетеміз. Жастарымыз білім мен ғылымның, инновация мен технологияның тілін толық игерсе ғана озық елге айналамыз. Оған мыңжылдық тарихымызбен, төл мәдениетімізбен жетеміз. Осының бәрі осы жаңа Конституцияда тайға таңба басқандай көрініс тауып отыр, – деді Ерлан Қошанов.
Талқылау барысында Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова Ұлы даланың мыңжылдық тарихына тән мәдени кодты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттер мен зерттеу ортасы үшін дамудың ұзақ мерзімді қағидаттары айрықша маңызды екенін айтты. Оның айтуынша, мұндай қағидаттар мемлекеттік саясаттың басымдықтарын айқындап, институционалдық автономия деңгейін анықтауға және елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізі ретінде ғылымның рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің проректоры Баршагүл Исабек кез келген қуатты мемлекеттің тағдыры оның заңдарымен, тарихи сабақтастығымен және халық рухымен айқындалатынын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция преамбуласында Ұлы даланың мыңжылдық тарихын сақтау туралы айтылатын ережелер ата-бабалар аманатына адалдықты көрсетеді және Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» бастау алатын дала демократиясы дәстүрлерінің жалғасы.
Ал Мухтар Әуезов атындағы университеттің саясаттану кафедрасының меңгерушісі Ардақ Монтаев халықаралық тәжірибеге назар аударып, әлемдегі 190 елдің шамамен 110-ында бір палаталы Парламент бар екенін атап өтті.
Одан кейін Коалиция мүшелері «Еңбекші» коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті. Санитарлық тазалық қызметкерлері, жүргізушілер мен коммуналдық шаруашылық мамандары тұрақты жұмыспен қамтудың, еңбек қауіпсіздігінің және әлеуметтік қорғалудың маңызы туралы айтты.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мұнай өңдеу зауытында заң мен тәртіп, әділдік пен жауапкершілік құндылықтары туралы айтылды. Кәсіпорын қызметкерлері еңбек ету құқығын қорғауға, әділ еңбекақы мен қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық нормалардың маңызына тоқталды. Сондай-ақ экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді басымдықтары болуы тиіс екені айтылды.
Кездесулер одан әрі жалғасын тауып, Шымкент жастар театры алаңында мәдениет саласының өкілдерімен жүздесті. Әртістер мен шығармашылық мамандық иелері мәдениет, білім және рухани құндылықтар ұлттық бірегейлікті сақтаудың және отансүйгіштікті тәрбиелеудің берік негізін қалыптастыратынын атап өтті.
Осы күні Коалиция мүшелері спортшылар мен жаттықтырушылармен де кездесті. Спорт қауымдастығының өкілдері әділдік, адал бәсеке, тәртіп пен жауапкершілік құндылықтары спорттың да, қуатты мемлекеттің де негізінде жатқанына тоқталды. Жаттықтырушылар түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға және жастардың заңға, еңбекке әрі азаматтық жауапкершілікке деген құрметін қалыптастыруға дайын екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша Шымкент тұрғындары 15 наурыз күні жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін референдумға қатысуға дайын екендерін білдірді.
Еске сала кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясы 13 ақпанда құрылған. Оның құрамына 5 саяси партия мен шамамен 5 миллион қазақстандықты біріктіретін 300-ге жуық қоғамдық ұйым кірді.
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
15 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын